Астаналық полицейлер тұрғынның жоғалған телефонын тауып берді

26 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық полицейлер тұрғынның жоғалған телефонын тауып берді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысына ризашылығын білдірген тұрғындар оларға шынайы алғыстарын білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Мереке күні қалада бірнеше оқиға тіркелді. 37 жастағы азамат телефонын жоғалтып алып, полицияға жүгінді.

Жәбірленуші елордадағы базарлардың бірінде жүргенде телефонының жоқ екенін байқаған. Астана қаласы ПД жедел іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері Айдос Ақатов пен Ұлан Қаби тез арада бейнебақылау камераларының көмегімен жоғалған телефонды өз иесіне қайтарды. 

Жігіт полицияның қырағылығы мен кәсібилігіне дәлірек айтсақ, жедел іздестіру бөлімінің қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. 

Азаматтардың өтінішіне уақытылы ден қою, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету – әрбір полицейдің қызметтік борышы. Азаматтардың пікірлерінің арқасында астаналық полицейлердің жұмысы назардан тыс қалмайды. 

Полиция департаменті азаматтардан заттары қараусыз қалған немесе жоғалған жағдайда дереу полицияның «102» нөміріне хабарласуын сұрайды.