06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордадағы конкур бәсекесіне 100-ге жуық қатысушы жиналды

|
Photo: Фото: Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордадағы конкур бәсекесіне 100-ге жуық қатысушы жиналды

|
Photo: Фото: Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Астанада Тәуелсіздік күніне орай  конкурдан қалалық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыс барысында қатысушылар әр түрлі биіктіктегі 6 бағдар бойынша жүлдеге таласады. Жалпы бәсекеде бағы мен бабы келіскен 100-ге жуық сәйгүлік шеберліктерін көрсетеді. 

«Конкур жарысына деген қызығушылық жыл өткен сайын артып келеді. Біріншіден, бабаларымыз тұлпарды ерекше қадірлеген. Жылқыға деген қазақ халқының құрметі ерекше. Екіншіден, бәсекеміз күнтізбеге енгізілді. 2025 жылы 8 шараны ұйымдастыру жоспарымызда тұр. Үшіншіден, Олимпиадалық бағдарлама түрі саналатын конкурдан Астанада 4 спорт клубында жаттығуға мүмкіндік бар. Олар: «Астана көкпар», Prestige club, «Тұлпар», «Құлагер». Аталмыш клубтарда 100-ге жуық спортшы жаттыға алады», - деді Астана қаласы әкімдігінің «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің басшысы Аманжол Хасенов.

Бұл сынға Астана қаласынан бөлек, Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстарынан да спортшылар қатысып жатыр.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 12 миллион теңгені құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗