Елордада рейд барысында 800-ге жуық заңбұзушылық анықталды

Елордада рейд барысында 800-ге жуық заңбұзушылық анықталды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада заң бұзушылықтарды анықтау және профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында компьютерлік клубтарды, кинотеатрларды, жатақханаларды, ойын-сауық және басқа да мекемелерде рейдтер жүргізілді, деп  хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Полиция департаменті мен аудандық бөлімшелердің жеке құрамы елорданың біраз бөлігін, оның ішінде жеке секторды, тұрғын үйлерді және т.б. аумақтарда тексерулер жүргізді. Іс-шаралар барысында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар жүргізілді. Операцияға арнайы жасақ – СОБР мен Ұлттық ұлан да жұмылдырылды», - деді Астана қалалық ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Әділбеков.

Рейдтік іс-шаралар барысында 800-ге жуық түрлі қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік сусындар ішу, кальян шегу, тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз қалуы және т.б. белгілі болды.

Демалыс және мереке күндері рейдтер тұрақты түрде жүргізіледі.