Елордада полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті
Астана қаласының Полиция департаменті елорда көшелеріндегі және қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 11 желтоқсаннан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қала аудандарын патрульдеу үшін учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон қызметінің қызметкерлері, қылмыстық және патрульдік полиция қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды. Сондай-ақ құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында саяжай аумақтарын, құрылыс алаңдарын, базарларды және жалға берілетін пәтерлер тексеріліп жатыр. Осы кезеңде полиция органдарында есепте тұрған адамдар да тексеріледі», - делінген ІІМ хабарламасында.
Сақшылар қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, жол қозғалысын, оның ішінде қала сыртындағы бекеттерде қадағалауды күшейтеді.
Қазақстан аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүзеге асырылады.