00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордада көркем еңбек пәні мұғалімдерінің оқу-әдістемелік семинары өтті

20 желтоқсан, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Елордада көркем еңбек пәні мұғалімдерінің оқу-әдістемелік семинары өтті
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елорданың білім ордаларында «Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің оқу-тәрбие үрдісіндегі инновациялық тағылымдары» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинары өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ауқымды іс-шараның алғашқы бөлігі Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде өтсе, семинардың келесі бөлігі №104 орта мектепте болды.

Астана қаласы Білім басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы ұйымдастырған іс-шара көркем еңбек пәні мұғалімдерінің оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық тағылымдарын жетілдіру, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруды мақсат тұтты.

«Республикалық әдістемелік семинарға өз тәжірибелерімен бөлісуге еліміздің түкпір-түкпірінен жоғары оқу орнының оқытушылары, кәсіби суретшілер, қолөнер шеберлері, мектептердегі көркем еңбек, графика және жобалау пәндері мұғалімдері, сондай-ақ қосымша білім беру педагогтері келді.

Іс-шара аясында сән көрсетілімі, қолөнер шеберлерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі, қылқалам шеберлерінің көрмесі, шеберлік сағаттары және пленарлық отырыс пен ашық сабақ өтті.

Нәтижесінде қатысушылар инновациялық әдіс-тәсілдер, заманауи педагогикалық технологиялар мен цифрлық құралдарды пайдалану үрдісін жетілдірді», - деді Астана қаласы Әдістемелік орталығының әдіскері Жанболат Дәрімбетов.

Сондай-ақ ⁠оқытушылар өзара әдістемелік нұсқаулықтар мен құралдарды талқылап, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды дамыту жөніндегі іс-тәжірибелерімен алмасты.