00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астана аумағында төрт мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді

Астана аумағында төрт мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді
Фото: Астана қаласы Коммуникациялар қызметі

Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында интернет-алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы күрес тақырыбы талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Біздің елімізде цифрландыру көптен бері жаппай сипатқа ие болды. Мәмілелер, ақшалай қаражаттарды сатып алу, аудару, мемлекеттік қызметтерді алу және осындай тағы да басқа операциялар қашықтан жасалуда. Осы орайда, алаяқтар ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін өз айлаларын асыру үшін кеңінен қолдануда.

Құзырлы басқарманың айтуына, алаяқтықтың бұл түрімен биыл 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4 100-ден астам интернет-алаяқтық тіркелген.

«4 100-ден астам интернет-алаяқтықтың 730-ы ашылып, сот органдарына жіберілді. Жалпы алғанда, 120-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, басқа да фактілер бойынша тергеу әрекеттері жалғасуда», - деді Астана қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев.

Оның айтуынша, тергеумен қатар, құқық бұзушылықтың аталған түрінің жолын кесуге және алдын алуға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуде.

«Халық арасында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында біз қала өмірінің әртүрлі салаларында дәріс сабақтарын өткіземіз, онда алаяқтар пайдаланатын әдістер мен тәсілдер егжей-тегжейлі ашылады, сондай-ақ негізгі сақтық шаралары түсіндіріледі», - спикер.

Адамдар көп шоғырланатын жерлерде профилактикалық сипаттағы үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізіледі, жадынамалар мен буклеттер және аудио-бейне материалдар таратылады.