00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Биылғы соңғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде қазақстандықтар не сатып алды

30 желтоқсан, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Биылғы соңғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде қазақстандықтар не сатып алды
Фото: Сауда комитеті

Өткен сенбі-жексенбі, 28-29 желтоқсан күндері елімізде биылғы соңғы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмекелері өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Сауда комитетіне сілтеме жасап. 

Қазақстандықтар 2 мың тоннадан астам азық-түлік, 209 120 дана жұмыртқа сатып алған. Шымкентте өткен жәрмеңкелерге 140 000 дана жұмыртқа сатылымға шығарылса, 136 000 данасы 52-55 теңгеден сатылған. Сондай-ақ шымкенттіктер 90 теңгеден 4000 дана нан сатып алған. 

Ал Түркістанда өткен жәрмеңкелерде тұрақтандыру қорындағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық 19 түрі сатылды. Онда  жұмыртқа бағасы 40 теңге, күнбағыс майының литрі 520 теңгеден сатылды. Жәрмеңкеге 700 келі ұн  шығарылса, келісі 190 теңгеден тұтастай сатылған. Ал қызылордалықтар 500 келі қысқы қарбыз сатып алған. Бұл өнімнің келісі  жәрмеңкеде 120 теңгеден саудаланған. 

«Желтоқсанда елде 400-ден астам ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Жәрмеңкелер сауда заңнамасына сай өткізілді және ондағы баға нарықтағы бағадан 10-15% арзан болды», - делінген хабарламада.