00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астаналық құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады

Астаналық құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 12 желтоқсанда Астанада оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді деп күтілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ауа райының нашарлауына байланысты қатты жел кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

- жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеу керек (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);

- балаларды бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау;

- егер қатты желде көшеде болсаңыз жерасты өткелдерінде немесе дүкендерді паналау қажет;

- қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын жерде жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа да материалдар құлауы мүмкін;

- ешбір жағдайда қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың, ағаштардың астында жасырынуға тырыспаңыз;

- электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;

- көлікті шіріген және ескі ағаштардың жанына қалдырмаңыз.

Құтқарушылар қатты аязда өзін қалай ұстау керектігі туралы ұсыныстар берді:

- үнемі қозғалу керек, бір жерде тұруға болмайды, әсіресе қарға немесе суық заттарға отырмау керек, әсіресе металл мен бетон тіптен қауіпті;

- аяз кезінде аш қарын жүрмеңіз, тамақ ішуге уақыт бөліңіз. Ыстық сусындар құйылған термос алып жүріңіз;

- жаман әдеттер туралы ұмытыңыз, алкогольді ішпеңіз;

- қалың табаны бар аяқ киімді таңдаңыз;

- аяқ-қолдар мен дененің ашық жерлерін жабыңыз;

- жылы, қалың киім киіп жүріңіз.

«Төтенше жағдай туындаған кезде «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз», - делінген хабарламада.