00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада құрылыс компаниясының директоры бас бостандығынан айырылды

4 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада құрылыс компаниясының директоры бас бостандығынан айырылды
фото: freepik

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелері сақтамалған және соның салдарынан екі адам қаза тапқан құрылыс компаниясының директоры сотталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Құрылыс компаниясының директоры, сотталушы М. ғимарат қоймасын демонтаждау жұмыстарын жүргізуге сырттан адамдарды тартып, учаскедегі және бригаданың Еңбек кодексінде және биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларында көзделген талаптарды сақтау қауіпсіздік жағдайын тексермеген.

Жұмыс барысында шатыр опырылып, 2 адам қаза тапқан.

«Сот үкімімен М.-ны ҚК 277-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге биіктікте құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», - деп көрсетті Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.