00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада қайырымдылық іс-шарасы өтті

Астанада қайырымдылық іс-шарасы өтті
Фото: Байқоңыр ауданы әкімдігінен

Бүгін Байқоңыр ауданы әкімдігі «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен» бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалары үшін қайырымдылық іс-шарасын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған шараның мақсаты – «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» ұғымының қыр сырына терең бойлай отырып, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты рухани-қайырымдылық және әдеби-танымдық шара арқылы дәріптеу.

Іс-шара «Өндіріс» тұрғын алабындағы Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткізілді.

Шараға тұрғын алаптың тұрғындары және зейнет жасындағы орталықтың қызмет алушылары, сондай-ақ, жастар қатысты.

Іс-шараға 82 жастағы спорт шебері және бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айсұлтан Жақыпбек қатысты. Балаларға бокстан шеберлік сағатын өткізді.

Сонымен қатар, шара барысында арқан тарту, асық ату секілді ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Соңында қатысушы балаларға Байқоңыр ауданы әкімдігінің атынан түрлі сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, рухани-танымдық шара флэшмоб және концерттік бағдарламамен жалғасты.