Қазақстанның атом саласын дамыту қауымдастығының төрағасы Алдияр Тоқтаров атом электр станциясының құрылысына қатысты референдум маңызын атап өтіп, азаматтардың белсенді қатысуын жоғары бағалады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мен таңғы сағат 10-да №205 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Таңертеңнен бастап халық дауыс беруге белсене қатысып жатқаны байқалады. Ұзын-сонар кезектерді көріп, осынша адамның референдумға келіп, позициясын білдіріп жатқанын көріп қуанып жатырмыз. Олардың АЭС құрылысын «қолдайтыны» немесе «қолдамайтыны» маңызды емес, бастысы – қатысып, өз көзқарастарын білдіріп жатқаны», - деді Алдияр Тоқтаров.
Шынар Хамитова