Қазақстанда қандай көліктер сұранысқа ие?
Биыл Еуропада көліктерді сату 29,3% төмендеген. Бұл – Еуропа нарығының тарихында болған қазандағы ең төмен көрсеткіш.
2021 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанда дилерлер 96,8 мың жеңіл және коммерциялық автомобильді сатқан, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,9% артық. Сатылған көліктердің саны бойынша Chevrolet (25 мың), Hyundai (19,4 мың) және Toyota (11,4 мың) көшбасында.
Сондай-ақ елде Қытай көліктері де жақсы сатылып жатыр. Олардың үлесі бір жылда барлық сатылған көліктің 2,1%-дан 3,1%-ға дейін өскен.
Сатылған автомобиль мен жеңіл коммерциялық жабдықтардың үздік он бестігіне қытайлық 2 көлік енді: JAC (10-орында), елде мұндай 2,2 мың көлік сатылған. 15-орында Haval тұр, 833 көлік сатылған. Бұл көлік биыл сәуірден бастап сатылымға шығарылған.
Сонымен қатар желтоқсанда Қазақстанда қытайлық Chery көлігі сатыла бастайды. Ресейде аталған көліктің тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие екенін ескерсек, Қытай көліктерінің елдегі үлесі айтарлықтай өсуі ықтимал.
Айта кетейік, Ресейде автомобильді сатудағы Қытай көліктерінің үлесі бір жылда 3,6%-дан 6,3%-ға дейін артқан, сандық мәндегі өсім – 2,1 есе.
2021 жылғы қаңтар-қазанда 90,1 мың қытайлық жеңіл көлік сатылған. Chery көлігін сату 3,7 есе немесе 28,8 мыңға дейін өскен. Кейін тізімде Haval – сату көрсеткіші 2,3 есе өсіп, 29,9 мың көлік сатылған. Geely (67,2%) және FAW (28,1%) сынды көліктерін сатып алу көрсеткіші де өскен.
Ресейде Chery Tiggo 7 Pro (11,8 мың), Haval F7 (10,7 мың) және Chery Tiggo 4 (10,6 мың) көліктері жақсы сатылады. Биыл РФ қытайлық көліктер қазанда сатылым көрсеткіші бойынша үздік жиырма бестікке 3 рет енген.
Мысалы, қазанда ең танымал жиырма бес көліктің қатарына Қытайдың 3 көлігі енді: Chery Tiggo 7 PRO (19-орын), Chery Tiggo 4 (22-орын) және Haval Jolion (25-орын).