00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Президент Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты

10 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Президент Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Медициналық нысанда жылына 8 200 нәресте дүниеге келіп, 13 мыңнан астам адам ем алады. Сонымен қатар «Аңсаған сәби» жобасы аясында жылына 130 ЭКО жасалады. Ал ерте араласу орталығында 200 бала оңалту шараларымен қамтылады.

Президентке орталықта туа біткен сырқаты бар нәрестелерге 50 кардиохирургиялық және офтальмологиялық ота жасалғаны туралы мәлімет берілді.  Орталық ашылғанға дейін мұндай диагнозы бар сәбилер Астана қаласында емделген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мекемеде жыл басынан бері жүзеге асырылып жатқан «Бір күндік клиника» жобасы таныстырылды. Аталған бастама қанмен берілетін ауруларды ерте бастан анықтауға көмектеседі. Осы жоба аясында бүгінге дейін 6 мың әйел медициналық тексеруден өткен.     

Мемлекет басшысы мекеме қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың жұмысына табыс тіледі.