00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ара шағып алса, не істеу керек?

19 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ара шағып алса, не істеу керек?
Фото: ҚазАқпарат

Күн жылығанда саябақта, орманда және гүлдердің айналасында аралар көбейеді. Араның шағуы өлімге сирек әкелгенімен, оны елемей қоюға болмайды, деп жазады Elorda.info Massaget.kz порталына сілтеме жасап. 

Қандай жағдайда араның шағуы қауіпті болуы мүмкін және ара шаққанда не істеу керек? Араның шағуы несімен қауіпті?

Аралардың табиғатқа пайдасы мол болғанымен, олардың шағуы адамға қауіпті. Адамға ара емес, оның бізгегіндегі у қауіп төндіреді. Ара шағуының негізгі белгілеріне шаққан жердің күйіп ауыруы, қышу, ісіп кету, бас ауыру және бас айналу жатады. Кей адамдар денесінде әлсіздік сезеді, жүрек соғысы жиілейді және лимфалық түйіндер үлкейіп кетеді.

Көп жағдайда адамдар ара шағуын жеңіл өткереді. Алайда егер адамның иммунитеті әлсіз болса, аллергияға бейім болса және созылмалы ауруы бар болса, ол кей асқынуларға шалдығуы мүмкін.

Асқынуларды болдырмас үшін әрбір адам ара шаққанда алғашқы көмекті қалай жасау керегін білуі керек. Мына реттілікті сақтаңыз:

Ара шаққан жерді тексеріңіз. Егер араның бізгегі шаққан жерде қалып қойса, оны антисептикпен немесе спиртпен өңделген пинцетпен алып тастаңыз. Бастысы, бізгекті қолмен қыспаңыз, әйтпесе у қалдықтары тінге терең еніп кетеді;

жараны антисептикалық құралмен залалсыздандырыңыз;

жара шаққан жерге салқын бірдеңе басыңыз;

суды көбірек ішіңіз;

ара шаққан жерге антигистаминдік жақпамай немесе крем жағыңыз.

Егер ара көзді, ауыз қуысын шағып алса, жылдам жедел медициналық көмек шақырту керек. Араның бет тұсын шаққаны қауіпті. Бұл жағдайда аллергияға бейім емес адамның өзінде қатты ісік пайда болуы мүмкін. Егер ара тілді шағып алса, ол қатты ісіп, тыныс алуды бітеп тастауы мүмкін.

Мына жағдайларда жедел жәрдем шақыру керек:

ара шаққаннан кейін дегене бөртпе немесе басқа да аллергиялық реакция шығып кетті;

ара шаққан адамның температурасы көтеріліп кетті;

адамды бірден бірнеше ара шағып алды.