Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2300-ден астам қару тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері заңсыз қару айналымына 2 300 астам қару тәркіленді, оның ішінде 91-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.
Биылғы жылдың қазан айындағы тексерулер мен жедел іздестіру іс-шаралары барысында 400-ден астам қару және 3 200-ден астам оқ-дәрі, гранаталар мен тротил шашкалары тәркіленді. 59 жасырын қару қоймасы анықталып, жойылды.
Атап айтқанда, 17 криминалдық қару тәркіленді, оның ішінде 8-і — Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Ал қалғандары – бұрын айналымнан жоғалған және кейін заңсыз айналымға түскен қарулар.