10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жетісу облысында 30 есірткі алаңы бұғатталды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жетісу облысында 30 есірткі алаңы бұғатталды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

Жетісу облысы прокуратурасымен заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректері анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуратурасының қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын мессенджерлердегі арналар мен сайттар анықталды.

Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 30 есірткі алаңы бұғатталды.

Облыс прокуратурасымен аталған бағытта жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗