Жасанды интеллект медициналық-әлеуметтік мекеме тәрбиеленушілерін ұрып-соққандарды анықтады

Бүгін, 12:35
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Жасанды интеллект медициналық-әлеуметтік мекеме тәрбиеленушілерін ұрып-соққандарды анықтады
Фото: freepik.com

Павлодар облысында психоневрологиялық ауруларға шалдыққан балаларға әлеуметтік қызметтерді көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемеде «Жасанды интелект зорлық - зомбылыққа қарсы» жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Осыған байланысты, бейнебақылау камераларында қызметкерлер мен тәрбиенушілердің мінез-құлықты бағалайтын және агрессия белгілерін (соққы, айқай, құлау) анықтайтын жүйе енгізілген. Нәтижесінде, 2025 жылғы 30 желтоқсанда жасанды интеллект облыстық психоневрологиялық орталығында 13 жастағы аутист баланы күзетші ұрып-соққанын анықтады. Осыған қатысты Қылмыстық кодекстің 109-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп жазылған прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін балаларды ұрып-соққан осы орталықтың санитары қызметінен босатылып, қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Бұған дейін Астанада мектеп оқушыларының сабаққа психологиялық дайындығын ЖИ бағалайтынын жаздық.