Жарамсыз күнбағыс тұқымдары Ресейге қайтарылды

5 мамыр, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жарамсыз күнбағыс тұқымдары Ресейге қайтарылды
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ақмола облысы Ақкөл ауданының аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы карантиндік өнімнің жарамсыз күйде әкеліну фактісін анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Тексеру барысында Ресей Федерациясынан (Краснодар өлкесі, Краснодар қаласы) аудан аумағына 0,019 тонна көлемінде күнбағыс тұқымдары әкелінгені және олардың карантиндік объект — күнбағыс фомопсисімен залалданғаны анықталды.

«Аталған карантиндік өнімнің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар одан әрі қарау үшін сотқа жолданды», - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін фитосанитариялық инспекторлардың Ресейден әкелінетін залалданған өнімнің жолын кескені туралы жаздық.