Заң мен тәртіп: Елордада ардагер прокурор оқушылармен кездесті
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы прокуратурасының қызметкерлері прокуратура органдарының ардагері Төрехан Адаймен бірлесіп №106 жайлы орта мектептің оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Кездесу барысында оқушыларға заңнама нормалары, құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Астана қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырады.