Виктория Шегай: Этносаралық келісім – ортақ құндылық

Виктория Шегай: Этносаралық келісім – ортақ құндылық
Фото: Виктория Шегайдың жеке мұрағатынан

Астана қаласы корей этномәдени орталығының өкілі, Жастар Ассамблеясының мүшесі Виктория Шегай этносаралық келісімді нығайтудағы орталықтың рөлі мен қоғамдық бастамалар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

– Виктория ханым, этносаралық келісімді нығайтуда ұйымдарыңыз қандай рөл атқарады?

– Корей этномәдени орталығы этносаралық келісімді нығайтуға белсенді қатысады. Корей жастарының қозғалысында әртүрлі ұлт өкілдері бар.

– Мереке аясында қандай іс-шаралар немесе бастамалар қолға алынды?

– Мереке аясында орталық қала бойынша өтетін барлық концерттер мен іс-шараларға тұрақты түрде қатысады. Өткен жылы елорда әкімі қатысқан Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған концертке мен де қатыстым.

– Қазақстандағы бірлік моделін басқа елдерге үлгі ретінде көрсетуге бола ма?

– Менің ойымша, иә. Өйткені бірлік пен достық ешкімге зиян келтірмейді.

– Абайдың қара сөздерінен қандай ой түйдіңіз? Сізге несімен әсер етті?

– Абай Құнанбайұлының қара сөздері адамды көп нәрсеге үйретеді. Онда өмірлік тәжірибе мен терең ой бар. Оны оқыған әр адам өзіне қажетті түйін жасай алады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы корейлер қауымдастығы Астана филиалының төрағасы Евгений Цойдың құттықтауын жарияладық.