Үнзила Шапақ: Конституция жобасы ұлттық құндылықтарға негізделген және халықаралық стандарттарға сай

Бүгін, 10:08
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Үнзила Шапақ: Конституция жобасы ұлттық құндылықтарға негізделген және халықаралық стандарттарға сай
Фото: Amanat партиясы

Мәжіліс депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ Конституцияның жаңа жобасының мазмұны мен оны әзірлеу процесіне тоқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Конституцияның алғашқы жобасы преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Преамбула толық жаңарып, онда еліміздің өткен жолы, бүгінгі болмысы және болашақ бағдарына негіз болатын жалпыұлттық құндылықтар айқын көрініс тапты. Жобада Қазақстан Республикасы қызметінің жаңа негізгі қағидаттары бекітілді, сондай-ақ бұрын болмаған «Конституциялық құрылыстың негіздері» атты жеке тарау енгізілді.

Адам құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуы Конституцияның өзегіне айналды. Бұл жерде құқық, бостандық және жауапкершілік өзара бірлікте қарастырылып отыр, әрі бұл тәсіл халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді», – деді депутат.