Референдум-2026

Үнзила Шапақ: Астана – болашаққа деген сеніміміздің көрінісі

Үнзила Шапақ: Астана – болашаққа деген сеніміміздің көрінісі
Фото: Үнзила Шапақтың әлеуметтік желі парақшасынан

Астана күніне орай қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Үнзила Шапақ елорда тұрғындары мен барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. Ол Астананың тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен мемлекеттілігінің символы ретіндегі ерекше маңызына тоқталып, ел бірлігі мен өркендеуіне қатысты ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үнзила Шапақтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елордамыз – тәуелсіздігіміздің, мемлекетіміздің өркендеуі мен жаңғыруының символы. Қазақстан Республикасының астанасы ерекше конституциялық-құқықтық мәртебеге ие. Оның мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Конституциялық заңмен реттеліп, елорданың қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздері айқындалған.

Жаңа Конституцияда елорда мәртебесінің конституциялық құрылыс негіздерінің басты тұғырларының бірі ретінде бекітілуі – Астананың мемлекетіміздің саяси, қоғамдық және құқықтық өміріндегі айрықша орнын айқын көрсетеді.

Астана – барша қазақстандықтардың ортақ мақтанышы, бірлігіміздің, жасампаздық рухымыздың және болашаққа деген сеніміміздің көрінісі.

Еліміз аман, елордамыз еңселі, халқымыздың мерейі үстем болсын!

Астана күні құтты болсын!