Үкіметте инклюзивті саясат шаралары қаралып жатыр

Бүгін, 09:35
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Үкіметте инклюзивті саясат шаралары қаралып жатыр
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру шаралары қаралуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің мемлекетіміз әлеуметтік мәселелерге баса мән беретінін әрдайым атап өтуде.

Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары, бәріне бірдей мүмкіндік беру, қолжетімді орта қалыптастыру мемлекеттің стратегиялық басым бағыттары ретінде айқын көрініс тапқан. Біздің міндетіміз – мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2030 жылға дейінгі Инклюзивті саясат тұжырымдамасын қабылдады», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыс туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры мен «Qamqor plus» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшылығы баяндама жасайды.