Үкімет мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау бойынша түзетулер әзірлейді

Үкімет мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау бойынша түзетулер әзірлейді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру мәселесін қарау кезінде Премьер-министр Олжас Бектенов мүгедектігі бар адамдарды қолдау саласындағы заңнамалық базаны күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп,  1 қарашаға дейін инклюзияны қолдаудың жаңа тәсілдері мен кешенді моделіне сәйкес мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді әзірлесін», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, Премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігіне өңір әкімдіктерімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, аудандық деңгейде оңалту орталықтарының ашылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Денсаулық сақтау министрлігі өңір әкімдіктерімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, «Қамқорлық» бастамасы аясында аудандық деңгейде оңалту орталықтарын ашу мәселесін шешуі қажет», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еске сала кетсек, елімізде инклюзивті ортаны дамыту үшін 100-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.