Референдум-2026

Түркістан облысында 40 тоннаға жуық мақта жанып кетті

Түркістан облысында 40 тоннаға жуық мақта жанып кетті
фото: freepik.com

Түркістан облысында мақтау өңдеу зауатынан өрт шығып, 40 тоннаға жуық мақта жанып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Мақтаарал ауданының Ақалтын ауылында болды. Мақта өңдеу зауытының аумағында 150 шаршы метр алаңда 40 тоннаға жуық жиналған мақта өртенген.

«Өрт сөндірушілер өрттің 350 шаршы метр алаңға таралуына жол бермей, 80 тонна мақтаны өрттен қорғап қалды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда»,- деп жазылған хабарламада.