Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатын қайдан көруге болады

Бүгін, 10:28
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатын қайдан көруге болады
Фото: freepik.com

6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д-Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылдықтың басты бәсәкесін Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрермен назарына ұсынады, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Олимпиада кезінде корпорацияның арнайы түсірілім топтары дүбірлі додадан эксклюзивті хабар таратады. Сонымен қатар, Qazaqstan мен Qazsport арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі», Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде «Милан – Кортина 2026» студиялық бағдарламасы көрсетіледі. 

Ақ ойындарда 8 спорт түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазіргі кезде Қазақстан үш спорт түрі – шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан олимпиадалық квоталарды иеленді. Қысқы Олимпиадалар тарихында тұңғыш рет жарыстарды ресми түрде қос қала қабылдайды. Италия төрінде 100-ге жуық елдің 3 000 спортшысы өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Ойындардың ашылу салтанаты 6 ақпан күні өтеді. Олимпиаданың ашылуы мен өзге де сайыстары Qazaqstan, Qazsport, Хабар және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұған дейін 2026 жылы отандық спортшылар ірі спорттық додаларда бақ сынайтыны туралы жаздық