01.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қырғызстаннан әкелген бір тонна үйрек еті мен 32 кг уылдырық кері қайтарылды

|
Photo: АШМ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қырғызстаннан әкелген бір тонна үйрек еті мен 32 кг уылдырық кері қайтарылды

|
Photo: АШМ

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Қордай» ветеринарлық бақылау бекетінде ҚР АШМ-нің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясы жануар өнімдерін заңсыз тасымалдау жағдайларын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алғашқы оқиға Қырғызстаннан 1000 кг құс етін (үйрек етін) елге әкелуге байланысты. Жүк көлігін тексеру барысында өнімнің арнайы белгісінің жоқтығы, көліктің ветеринарлық талаптарға сай келмейтіндігі және құжаттарда дұрыс ақпарат болмағандығы анықталды.
Өнім кері қайтарылып, жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.

Одан кейін Қырғызстан азаматының қол жүгі тексеріліп, онда 32 кг (162 банка) уылдырықтың құжатының жоқтығы анықталды.
Бұл өнім де кері қайтарылып, азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ‎

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗