Құрылыс, көлік және өңдеу өнеркәсібі I тоқсанда экономиканың өсуіне түрткі болды

Құрылыс, көлік және өңдеу өнеркәсібі I тоқсанда экономиканың өсуіне түрткі болды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің нақты өсуі 3%-ды құрады, бұл ретте қызметтер өндірісіндегі өсім 3,7%-ға, ал нақты секторда 2,1% - ға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс – 14,8%), көлік қызметтері – 12,8% және өңдеу өнеркәсібі – 8,5% көрсетті. Жылдың алғашқы екі айында сыртқы сауда айналымы $21,7 млрд құрады, мұнда $2,4 млрд – оң сальдо.

«Былтыр экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға дейін өсті, осылайша екінші жыл қатарынан тау-кен өнеркәсібінің (2025 жылы – 11,9%) деңгейінен асып түсіп отыр. ЖІӨ-дегі мұнай секторының үлесі екі есе қысқарды. 2010 жылы ол 16,5% болған болса, 2024 жылы 8,1%-ға дейін түсті. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі әртараптандыруға баса назар аудару қажет, бұл «орташа табыс тұзағынан» шығуға мүмкіндік береді», - деді Азамат Әмрин.

Еске салсақ, елімізде экономиканың әртараптандырылған өсімі 3 пайызға жетті.