Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі 2026 жылғы Құрбан айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Айт намазы Астана, Алматы, Шымкентте 27 мамырда сағат 6.00-де оқылады.

Еске сала кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерді Құрбан айтта мал бағасын көтермеуге шақырды. Сондай-ақ Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайты іске қосылды.