02.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанның өңдеу секторында цифрландыру тұрақты түрде өсіп келеді - Үкімет

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанның өңдеу секторында цифрландыру тұрақты түрде өсіп келеді - Үкімет

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанның өңдеу секторында цифрландыру тұрақты түрде өсіп келеді. 2024 жылы автоматтандыруға арналған цифрлық құралдары бар кәсіпорындардың үлесі 19,2 пайызға жетті. Биыл бұл көрсеткішті 23 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Цифрландырылған» кәсіпорындардың үлесінің артуына Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 2025-2026 жылдарға арналған өңдеу өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарында жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қол қойған «Жол картасы» айтарлықтай ықпал етіп отыр. Құжат биыл қыркүйекте қабылданып, осы бағытта қажетті кадрларды дайындау және жалпы ЖИ дамыту бойынша 41 жобаны қамтиды. 

Айта кетейік, 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалып, өсім 6,2 пайызды құрады. Металлургия, машина жасау, химия, құрылыс материалдары өндірісінде, жеңіл өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібінің тағы 11 саласында көрсеткіш артып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗