17.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанға Ресейден 20 тонна құс еті заңсыз өткізілмек болған

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанға Ресейден 20 тонна құс еті заңсыз өткізілмек болған

|
Photo: freepik.com

ҚР аумағына өтетін «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде ірі көлемдегі құс етін заңсыз әкелу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ресей Федерациясының Самара облысынан Қызылорда облысына бет алған жүк көлігі міндетті тексеру үшін тоқтатылған.

Жіті тексеру кезінде жүкте құжаттары талапқа сай келмейтін 20 тонна құс еті бар екені анықталды. Мәселен, аталған өнімді шығарған кәсіпорын ЕАЭО Реестріне кіретін және Қазақстан аумағына жануарлардан алынатын өнімді экспорттауға рұқсат берілген ұйымдар тізімінде жоқ болып шықты.

Ветеринариялық-санитариялық талаптардың бұзылуына байланысты жүк көлігі өнім жөнелтілген елге кері қайтарылды. Көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысы аумағында ветеринариялық заңнаманы бұзудың 204 фактісі анықталды. Тексерістер нәтижесінде 204 көлік кері қайтарылып, 130 әкімшілік хаттама рәсімделді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн теңгеден асады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗