Қазақстанда нипах вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ – министрлік

Бүгін, 12:26
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Қазақстанда нипах вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ – министрлік
Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасында Нипах вирусын жұқтыру, оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда, деп хабарлады Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, профилактика мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті.

Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады. Осы инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізбесі тұрақты негізде қайта қаралады және жаңартылады.

Медициналық ұйымдар инфекцияны әкелу мүмкін болған жағдайда жұмыстар жүргізіледі. Шұғыл медициналық көмек және инфекциялық стационарлар бригадаларының дайындығы қамтамасыз етілді, дәрілік заттардың, жеке қорғану құралдарының және дезинфекциялау құралдарының азайтылмайтын қорлары қалыптастырылды.

Инфекцияның таралуының профилактикасы мақсатында эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға жеке профилактика шараларын сақтау және қайтып келгеннен кейін аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігердің бақылауында болуы туралы хабарлай отырып, дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.

Айта кетейік, Нипах вирусы зооноздық инфекцияларға жатады және адамдарға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, сондай-ақ, жұқтырған адаммен тығыз байланыста болады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы берілуі мүмкін. Ауру жоғары температурамен, бас ауруымен, жалпы әлсіздікпен, ал ауыр жағдайларда орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және пневмонияның дамуымен бірге жүруі мүмкін. Бүгінгі күні Нипах вирусына қарсы арнайы емдеу және мақұлданған вакцина жоқ.

Бұған дейін елордада жыл басынан бері 380-нен астам адам қызылшамен ауырғанын жаздық.