Референдум-2026

Қазақстан қаржылық қауіпсіздік мәселесін халықаралық деңгейде талқылады

Қазақстан қаржылық қауіпсіздік мәселесін халықаралық деңгейде талқылады
Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы Әзербайжанның Баку қаласында өткен «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының 32-пленарлық аптасына және Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Қаржылық барлау бөлімшелері форумына қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға 180-нен астам елдің қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары, ФАТФ президенті Джайлс Томсон және халықаралық сарапшылар қатысты. Кездесулер барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, қаржылық барлау мәліметтерімен алмасу, трансшекаралық тәуекелдерді анықтау және жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды.

Пленарлық апта аясында ҚМА делегациясы Швейцарияның қаржылық барлау бөлімшесімен кездесіп, ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.

Сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Қаржылық барлау бөлімшелері форумында өңірлік өзара іс-қимылды күшейту мәселелері сөз болды. Форум қорытындысында Қазақстан Болгария, Намибия және ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұл келісімдер халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасу мен қаржылық қауіпсіздік саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, елордада кибералаяқтық деректері бойынша жүздеген іс қозғалған болатын.