11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан экономикасы жай өсу сатысынан сапалы даму рельсіне ауысты – Айбар Олжаев

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан экономикасы жай өсу сатысынан сапалы даму рельсіне ауысты – Айбар Олжаев

|
Photo: freepik.com

Қазан айындағы оң нәтижелер ел экономикасының өсуі бір реттік серпіндерге емес, құрылымдық өзгерістерге негізделгенін көрсетті. Бұл туралы қаржы саласының сарапшысы Айбар Олжаев айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Өңдеу саласының кеңеюі, өңірлердің дамуы, экспорт пен өндіріс базасының әртараптанудың барлығы ұзақмерзімді тұрақтылықтың негізін қалайды.

«Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 10 айда елдің ішкі жалпы өнімі 6,4% өсім көрсетті. Бұл тоғыз айдағы көрсеткіштен 0,1 пайызға жоғары.

Өсімнің басты драйверлері қатарында құрылыс, сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бар. Олардың барлығында дерлік өңірлік деңгейде оң динамика сақталуда. 

Маңыздысы нарықта қызып кету белгілері байқалмады. Өсу сапамен және өндіріс құрылымының жақсаруы­мен қатар жүруде. Бұл макроэкономикалық тепе-теңдіктің сақталғанын көрсетеді», - дейді Айбар Олжаев.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗