21.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақ-армян қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие болады – Президент

|
Photo: akorda.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақ-армян қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие болады – Президент

|
Photo: akorda.kz

Президент Арменияны еліміздің маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екіжақты қарым-қатынас берік достыққа және өзара құрметке негізделген.

«Қазақстанның Армения мемлекетіне және оның халқына деген ықыласы айрықша. Біз армян жұртының терең тарихына, бай мәдениеті мен салт-дәстүріне зор құрметпен, ілтипатпен қараймыз. Осы құндылықтардың негізінде барлық бағыттағы ықпалдастығымыз ұдайы дамып келе жатыр. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Менің былтыр Арменияға жасаған ресми сапарымның қорытындысы және бүгінгі келіссөздердің нәтижесі – соның айқын дәлелі. Қазақ-армян қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие болады. Соған сәйкес Бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Бұл шешім екі елдің достығын бекемдеп, сан салалы жаңа ынтымақтастық кезеңіне жол ашары анық. Осы орайда, құрметті Никол Воваевич Пашинянның Қазақстан мен Арменияның қарым-қатынасын нығайтуға қосқан өлшеусіз үлесін атап өткім келеді. Никол Воваевич Пашинян халықаралық қауымдастыққа күшті басшы, көреген саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері ретінде кеңінен танымал», - деді Мемлекет басшысы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗