13.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге хат жолдады

|
Photo: akorda.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге хат жолдады

|
Photo: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатта Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жылы жүздесу, өзара сенім, түсіністік пен ашықтық сипатында өткен келіссөздер сапардың сәтті болуына септігін тигізді. Қазақстан халқы мұны зор ықыласпен қабылдады. Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларация айрықша мәнге ие. Бұл құжат елдеріміздің сан қырлы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗