Президент Жарлықтарымен екі министрлікке басшы тағайындалды

Президент Жарлықтарымен екі министрлікке басшы тағайындалды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен екі ведомствоға басшы тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына қайта тағайындалды.