03.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Министр Ақмарал Әлназарова ұшақтағы жағдайға қатысты пікір білдірді

|
Photo: primeminister.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Министр Ақмарал Әлназарова ұшақтағы жағдайға қатысты пікір білдірді

|
Photo: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта жолаушыға алғашқы көмек көрсеткен сәтінен видео әлеуметтік желіге тараған болатын. Қоғамда айтылған «пиар үшін жасалған» деген қауесеттерге қатысты министр пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Өкінішке қарай, күмәнданғандар бар. Бұл – мен алғаш рет көмек көрсеткен бірінші жағдай емес. Бірақ бірінші рет біреу түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберген. Жолаушының қан қысымы көтерілді. Содан «дәрігер бар ма?» дегенде, әлбетте, мен бірден барып, алғашқы көмек көрсеттім. Менің орнымда болған кез келген медицина қызметкері солай істейді. Сондықтан мұнда күмәнданатындай ештеңе жоқ. Мен адамдардың пікіріне әсер ете алмаймын. Бастысы өз парызымды орындадым», - деді Ақмарал Әлназарова.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта есінен танып қалған бойжеткенге көмек көрсеткенін жазған  болатынбыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗