04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мереке қарсаңында елордалық Ассамблея жастары қарттардың ауласын қардан аршып берді

|
Photo: Фото: Elordainfo.kz/Дильназ Бауыржанқызы
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мереке қарсаңында елордалық Ассамблея жастары қарттардың ауласын қардан аршып берді

|
Photo: Фото: Elordainfo.kz/Дильназ Бауыржанқызы

«Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы өкілдігінің мүшелері және Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында  жалғызбасты қарттардың аулаларын қардан тазалау бойынша дәстүрлі сенбілікке қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Осы жолы  олар Вера есімді әжейдің  үйіне барып, сауабы мол іске атсалысты.  Мұндай көмекке риза болған қария жастарға алғысын білдіріп, ақ батасын  берді. 
 

Фото: видеодан скриншот assembly_astana

«Астана қаласының Ассамблея жастары мен «Достық» үйінің қолдауымен қарттардың ауласын қардан тазарттық. Бұл - жылда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі іс-шарамыз. Биыл да біз, елордалық жастар осындай игі істі ұйымшылдықпен атқардық», - деді Астанадағы корейліктер жастар қозғалысының төрағасы Валерий Пом. 

Айта кетейік, алдағы уақытта да елордалық Ассамблея игі дәстүрді жалғастыратын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗