01.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мемлекет міндеттемелерін орындайды: шағын және орта бизнес несиесіне субсидия ала бастады

|
Photo: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мемлекет міндеттемелерін орындайды: шағын және орта бизнес несиесіне субсидия ала бастады

|
Photo: Freepik.com

Шағын және орта бизнестің қабылданған жобаларына субсидия төлеу үшін Үкімет қаражат бөлді, деп хабарлады Elordainfo.kz Экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Ал «Даму» Қоры кәсіпкерлерге қаражат аударуға кірісті.

«Қазір мемлекет қажет қаражатты толық бөлді. Осы жылдың соңына дейін біз мойнымыздағы міндеттемелерімізді толық орындап бітеміз. Қордаланған берешектер қазірдің өзінде өтеліп жатыр, ал ШОБ бұған дейін төлеген пайыздар бойынша субсидия ала бастайды. Банктерге барлық төлемдер толық аударылады. Осылайша, берешекке байланысты ШОБ мәселелері толық шешіледі. Жыл соңына дейін біз барлық міндеттемелерді орындаймыз», - деді Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов.

Бұл ретте биыл жыл ішінде кідірістер барлық өңірде бірдей болмағанын атап өту маңызды. Атап айтқанда, Алматыда Жергілікті атқарушы органның қолдауының арқасында уақтылы төленіп келді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗