Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті.

Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Майданға 1 миллион 200 мыңнан аса қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Бес жүзден аса отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды.
