Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Рустам Қарағойшин:
- Биыл холдинг ел экономикасына жалпы сомасы 9 триллион теңге қолдау көрсеткенін айтты.
- Қаражат бизнеске жәрдем беруге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелерге бағытталған.
- Осы жылы республика бойынша 25 мыңға жуық жоба қаржыландырылғаны жөнінде ақпарат берді.
- «Даму» қоры базасында құрылған кепілдік қорларының қызмет нәтижелерін таныстырды.
- Аталған қорлар шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық бастамаларға көмек көрсетеді.
- Инвестициялық холдингтің жұмыс моделі туралы мәлімдеді.
- Бұл «Инвестицияға тапсырыс» қалыптастыру, ірі стратегиялық жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тетіктерін дамытуды қарастырады.
- Қазір жалпы құны 87 триллион теңгеге жуық, 1,5 мың инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды.
Президент:
- Инвестициялар тарту және экономиканың нақты секторын қаржыландыру аясын кеңейтудің маңызын атап өтті;
- «Бәйтерек» холдингіне басым инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыруды және экономикаға ұзақ мерзімді капитал тартуды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады
23 желтоқсан, 2025
Фото: akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
11 қазан, 2026
Тоқаев Бельгия королі мен патшайымын әуежайдан қарсы алды
10 қазан, 2026
Қазақстанға Бельгия королі мен патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
9 қазан, 2026
Ерлан Қошанов: Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу
9 қазан, 2026
Президент: Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құруды бастады