26.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мәжіліс депутаты ауруханалардағы көлік тұрағы мәселесін көтерді

|
Photo: Видеодан алынған скрин
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мәжіліс депутаты ауруханалардағы көлік тұрағы мәселесін көтерді

|
Photo: Видеодан алынған скрин

Мәжілістің жалпы отырысында «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Анас Баққожаев ауруханалардағы автокөлік тұрақтарының мәселесін көтерді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мәжіліс депутаты Денсаулық сақтау министрлігінің өкілінен пациенттердің көліктерін ауруханалардың автотұрағына кіргізу мәселесіне қатысты сұрады.

«Ауруханаларға адамдар ызалы барады. Неге десеңіз, көлік тұрағының мәселесі шешілмей тұр. Территориялары кең, жүздеген көлікті сыйдыруға болады. Бірақ шлагбаум тұрады, күзетші көлікпен кіргізбейді. Осы мәселені заңмен неге бекітпеске? 15 минуттық кіреберістік ереже жасау керек шығар. Ашықтық болуы керек» - деді Анас Баққожаев.

Депутаттың сауалына Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев жауап берді.

«Заң бойынша шлагбаумдардың ашылуы немесе көліктерді кіргізу реттелмеген. Оны реттеу тұрақ орындарының бар-жоғына байланысты әр медициналық ұйымның құзыретінде. Бір себебі жедел жәрдем көліктерінің бөгетсіз жылдам кіруі үшін солай жасалған шығар. Оны жергілікті атқарушы органдармен қарастыруымыз керек. Осы жұмысты жүргіземіз», - деді вице-министр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗