Мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма
2 қазан, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
Оқу-ағарту министрлігі мереке қарсаңында мұғалімдерге гүл сыйлауға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ұстаздар күні расында ерекше күн, бұл күн педагогтердің біздің өміріміздегі маңызды рөлін тағы бір еске салады. Сондай-ақ бұл дата бізді тәрбиелеп, оқытуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздарға алғыс білдірудің мүмкіндігі. Гүл сыйлау, жақсы лебіз білдіру – біздің мұғалімдерімізге деген алғыс сезіміміздің белгісі. Мұндай ықылас ұстаз еңбегінің маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі», - дейді Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Мереке Амангелдіқызы.
Айта кетейік, 5 қазанда Қазақстанда Ұстаздар мерекесі атап өтіледі.
Ұқсас жаңалықтар
15 тамыз, 2026
Астана – Бейжің бағыты бойынша әуе рейстері көбейді
15 тамыз, 2026
Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті
14 тамыз, 2026
ҚазАвтоЖол: республикалық жолдарда 1 114 санитарлық торап жұмыс істеп тұр
14 тамыз, 2026
Елімізде су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға арналған жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр