03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ұландықтар еңбек ардагерлерінің ауласын тазалады

|
Photo: Фото: Ұлттық ұлан баспасөз қызметінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ұландықтар еңбек ардагерлерінің ауласын тазалады

|
Photo: Фото: Ұлттық ұлан баспасөз қызметінен

23 наурыз – Тазалық күнімен көктемгі «Наурызнама» мерекесінің онкүндігі аяқталады. Ол өмірдің жаңаруын қоғамдық мағынада бейнелейді. Адамдар өткен кезеңнің қорытындысын шығарып, болашаққа жоспар құрып, айналасын ретке келтіреді, деп хабарлады Elordainfo.kz. ️

Күн мен түннің теңелуіне арналған дайындық қоршаған ортаны тазартуды, елді мекендерді абаттандыруды және Жер-Анаға құрмет көрсетуді қамтиды. Осыған орай Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімдігі мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері еңбек ардагерлерінің аулаларын қардан тазарту жұмыстарын ұйымдастырды.

«Күн жылынған сайын қыста жиналған қар еріп, үйімді су басады деп алаңдап жүр едім. Бірақ сарбаздар ауланы жылдам әрі мұқият тазалап берді. Осындай мейірімді, қайратты және көмекке әрдайым дайын азаматтарды тәрбиелеген ата-аналарына алғыс айтамын. Сондай-ақ «Сарыарқа» ауданы әкімдігі мен Ұлттық ұлан басшылығына ризашылығымды білдіремін», - деді еңбек ардагері Галина Корейба.

Айта кетейік, мереке қарсаңында ұландықтар тағы бірнеше ардагердің үйіне барып, ауладағы қарды тазартуға көмектесті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗