Конституция қоғаммен диалог негізінде қалыптасып жатыр - Вера Ким

Бүгін, 12:55
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Конституция қоғаммен диалог негізінде қалыптасып жатыр - Вера Ким
Фото: «Қазақстанның Ұлттық волонтерлік желісі» қауымдастығы

Конституция жабық режимде емес, қоғаммен ашық диалог негізінде қалыптасып жатыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасы Вера Ким Астанада өткен «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі жаңа Конституция жобасын талқылау және қолдау тақырыбында дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Конституция қоғаммен диалог негізінде қалыптасуда, жабық режимде емес. Жаңа Конституция жобасымен алты ай жұмыс істеу барысында азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялардан және сарапшылардан шамамен 4 мың ұсыныс түсті. Бұл қоғамның енді пассивті бақылаушы емес, саяси үдерістердің толыққанды қатысушысына айналып келе жатқанын білдіреді», - деді Вера Ким.

Оның айтуынша, жаңа конституциялық институт - Халық кеңесін енгізу қоғамдық қатысуды нығайтудағы маңызды қадам болмақ.

«Бұл мемлекет пен қоғам стратегиялық даму бағыттарын бірлесіп талқылайтын модельге көшу. Қоғам тек талқылау құқығына ғана емес, заң шығару үдерісіне ресми түрде бастамалар енгізу мүмкіндігіне ие болады», - деп атап өтті ол.