12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Канадалық пациент емделу үшін Астанаға арнайы келді

|
Photo: Денсаулық сақтау министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Канадалық пациент емделу үшін Астанаға арнайы келді

|
Photo: Денсаулық сақтау министрлігі

Канада азаматы алғаш рет Қазақстанға мойын омыртқасына көпфункционалды жасанды диск орнату бойынша жоғары технологиялық операция жасау үшін елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығына келді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелдік пациентке мойын омыртқасы бөлігінде жарық (грыжа) диагнозы қойылып, оған заманауи көпфункционалды протез қолдану арқылы операция жасалды. Бұл протез мойын омыртқасының табиғи қозғалысын сақтауға және қимыл-қозғалыстың толық қалпына келуіне мүмкіндік береді.

Ота микроскоп арқылы, аз инвазивті тәсілмен, заманауи хирургиялық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жоғары дәлдікті микрохирургиялық әдістерді меңгерген мамандардың қатысуымен жүргізілді.

Пациент Натальяның айтуынша, ол Қазақстанға арнайы мақсатпен келген. Себебі ұзақ уақыт бойы қатты бас ауруы, қол мен арқадағы сіресу және ұю белгілерінен зардап шеккен.

«Бес жыл бойы ауырсыну мен жайсыздық сезіндім, ал операциядан кейінгі келесі күні-ақ жеңілдеп қалдым», - деді Наталья.

Наталья Канадада 25 жылдан аса уақыт тұрып келеді. Денсаулығы нашарлаған соң ақылы емделу нұсқаларын іздеп, интернет арқылы Ұлттық нейрохирургия орталығының сайтын тапқан.

Ол бұған дейін Қазақстанда болмағанын және ел туралы көп білмегенін атап өтті. Алайда Орталық туралы ақпаратпен танысып шыққан соң, бұл заманауи әрі білікті медициналық ұйым екеніне көз жеткізген.

«Операция ең жоғары деңгейде өтті. Медициналық персоналдың кәсібилігі мен ықыласына тәнтімін. Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлеріне қамқорлығы мен жоғары сапалы емі үшін алғыс білдіремін», - деді Наталья.

Пациент спиналдық нейрохирургия бөлімінің жетекшісі, профессор Талғат Керімбаевқа ерекше ризашылығын білдіріп, Орталық ұжымына өркендеу мен табысты жұмыс тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗