Кәмелетке толмаған сатушыны зорлағаннан кейін өлтірген ер адам қалған өмірін темір тордың ар жағында өткізеді

Бүгін, 15:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Кәмелетке толмаған сатушыны зорлағаннан кейін өлтірген ер адам қалған өмірін темір тордың ар жағында өткізеді
фото: Оңалхан Өнерхан

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған сатушы​​ны зорлады, өлтірді деп айыпталған И.-ге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz Жоғарғы сотына сілтеме жасап. 

2025 жылдың 6 маусымында, шамамен сағат 00.30-да сотталушы жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда К. дүкенінде кәмелетке толмаған сатушыға шабуыл жасаған. Ол оны зорлап, басқа да жыныстық зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған, содан кейін жәбірленушіні тұншықтырып өлтіріп, қасақана өлімге әкеп соқтырған.

Сотталушының кінәсі сот сараптамалар қорытындыларымен, бейнематериалдармен және қылмыстық істегі басқа материалдармен толық дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушыға тағайындалған жазаларды қосып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушыдан жәбірленушінің өкіліне моральдық шығын ретінде 50 млн теңге өндіріп алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұдан бұрын тіс емдеу кезіндегі 3 жасар қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шыққанын жаздық.