Гүлсан Жаманқараева: білім мен тәрбие қатар жүруі керек

Гүлсан Жаманқараева: білім мен тәрбие қатар жүруі керек
Фото: Гүлсан  Жаманқараеваның жеке мұрағатынан

2026–2027 оқу жылында «Келешек мектептері» желісінің алдында білім сапасын арттырумен қатар, заманауи білім беру тәсілдерін енгізу және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту міндеті тұр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің №106 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Гүлсан  Жаманқараева айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«2026–2027 оқу жылында «Келешек мектептерінің» қызметі сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және заманауи білім беру тәсілдерін енгізуге бағытталуы – болашақтың сапалы мектебін қалыптастыруға жасалған маңызды қадам.

«Келешек мектептері» қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен басқарушылық шешімдерді сынақтан өткізіп, тиімді тәжірибелерді енгізетін ұлттық алаң ретінде қарастырылып отыр. Бұл мектептерге үлкен мүмкіндікпен қатар, зор жауапкершілік те жүктейді. Сондықтан басты мақсатымыз – жаңа мүмкіндіктерді білім сапасын арттыруға бағыттап, әр оқушының әлеуетін ашуға жағдай жасау.

Сонымен қатар білім мен тәрбие қатар жүруі керек. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде бірыңғай тәрбиелік ортаны қалыптастыру – өскелең ұрпақтың бойына жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық және отансүйгіштік құндылықтарын сіңірудің маңызды тетігі. Бұл бағыттағы жұмысты мектептің күнделікті өмірімен сабақтастыра отырып жүргізу қажет», – деді Гүлсан Жаманқараева.