Грузиядан 7 жасар Қазақстан азаматы елге қайтарылды
Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жасар Қазақстан азаматы - қыз бала елге қайтарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, қыз баланы елге қайтару шарасы алты ай бойы жүргізілді. Осы кезеңде тиісті мемлекеттік органдар арасында келіссөздер өтіп, грузин тарапының құзырлы мекемелерімен байланыс орнатылды.
«Қажетті құжаттар рәсімделіп, барлық рәсімдер заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта қыз бала қауіпсіз жағдайда, оған психологиялық қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, бүгінде баланың мүддесі ескеріліп, заңнама талаптарына сәйкес оны отбасына орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр», делінген хабарламада.
Баланың құқығын, қауіпсіздігін және жеке өмірінің құпиясын қорғау мақсатында оның дербес деректері мен оқиғаға қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.